Четверг
09.05.2024
1:04 AM
Форма входа
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 77
Мини-чат
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Поиск
    № 42 "Ақ ниет" гимназиясы
    [ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
    • Страница 1 из 1
    • 1
    Форум » Қазақтың данышпандары (Реферат) » Абай Құнанбаев » Абай Құнанбаев (Шығарма)
    Абай Құнанбаев
    ДиректорДата: Пятница, 23.03.2012, 1:20 PM | Сообщение # 1
    Рядовой
    Группа: Администраторы
    Сообщений: 2
    Репутация: 0
    Статус: Offline
    Абай Құнанбаев (1845-1904)

    Басты бет (22.08.1845 қазіргі Семей обл., Абай ауд. – 05.07.1904)

    Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
    Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ыргызбай, Көтыбақ, Топай.
    Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ыргызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ыргызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, "Ісің адал болса Өскенбайга бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зердеден Құнанбай туады.
    Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің " Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан.


    Абайдың өмірбаяны.

    Абай бала кезінде ширак, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген, Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Оның ағасы (әкесі Тұрланның інісі) Тонтайдың өлерінде кожа-молдаларға карап: "Жазыла-жаэыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесек болмас",—дегені халық аузында мәтел болып кеткен. Құнанбай кажыныңда кеңінен толғап сөйлер тереңдігі, өз тұстастарының ғана емес, шетелдік саяхатшылардың да назарына іліккен; Құнанбай қажы "Ескітам" деген қоныстан медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын окытқан. Абай сегіз жасында өуелі сол "Ескітам" медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабит-ханнан оқыған. Әкесі онын зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқо толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл окыған, Медресенің үшінші жылында ол осы қаладағы "Приходская школаға" да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бұл тұста М.О. Әуезовтің "Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал жөне ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір окып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кі-тапка қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек бола-ды. Сонымен дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағүрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. ...Оқуға кірген соң-ак, тез есейіп, ілім қуған кісінің калпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне сынмен карай білетін, сезімді окушы бола бастаған. Өзінің әбден сүйіп, тандап оқыған ірі акындары болады. ...



    Абай шығармашылығы.


    Өлмейтұғын артына сөз калдырған..." - дейді. "Адам өлмес" дегеннің мағынасы өзі өлсе де, кейінгіге сөзі, айтқан ойы калады деген пікірге саяды. Абай "Өлең сөздің патша сы" өлеңінде "сөз түзелді, тыңцаушы сен де түзел!" -деп жүртшылықган ақындық сөзге зор маңыз беріп қарау-ын, поэзияның жоғары қо-ғамдық міндетін түсіне білуін талап етті. Жаңа танымның баурап аларлық күшін, жаңа ақындық сөздің құнын әрбір адамның тани алатынына қа-зақ өмірінің сол кездегі жағ-дайында толық сенім арту қиын да еді. Абай оны жақсы тү-сінді, мүны оның "Мен жаз-баймын өлеңці ермек үшін" деген өлеңіндегі мына шумақ-тар толық дәлелдейді: ..." Шу дегенде қүлагаң тосаң-сиды, Өскен соң мүндай сөзді бұрын көрмей".




    ҚОРЫТЫНДЫ

    Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді.

     
    Форум » Қазақтың данышпандары (Реферат) » Абай Құнанбаев » Абай Құнанбаев (Шығарма)
    • Страница 1 из 1
    • 1
    Поиск: